Семейде 4 вагон рельстен шығып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейде 4 вагон рельстен шығып кетті

Семейде вагондар рельстен шығып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаланың ТЖ бойынша басқармасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейде вагондар рельстен шығып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаланың ТЖ бойынша басқармасына сілтеме жасап.

Оқиға 24 қарашада сағат 16.30-да Жаңа-Семей станциясында болған. Басқармадағылардың айтуынша, бос жүк вагондары рельстен шығып, аударылып қалған. 

"Соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады. №44 бағыттамалық бұрмада төрт вагон бір жағына қарай ауып кетті. Алдын ала болжам бойынша, вагондардың жолдан шығып кетуіне ауа райының қолайсыздығы себеп болған", - делінген хабарламада.

Оқиға жолаушылар пойызының қозғалысына әсер етпеді және ешкім зардап шеккен жоқ.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети