Семейде болған жол апатынан 5 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейде болған жол апатынан 5 адам қаза тапты © Tengrinews.kz

Семейде болған жол апатынан 5 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жол-көлік оқиғасы 26 сәуірде жергілікті уақыт бойынша шамамен 22.00-де болған. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейде болған жол апатынан 5 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жол-көлік оқиғасы 26 сәуірде жергілікті уақыт бойынша шамамен 22.00-де болған. 

Гагарин-Шугаев көшелерінің қиылысында Renault маркалы көліктің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қалады, сөйтіп, төменге қарай құлдилаған автомобиль ағашқа соғылған. 00.27-де құтқарушылар көлікті шығарған.

Алдын ала мәлімет бойынша, автомобильде бес жолаушы болған. Оқиға орнына ТЖ қызметінің құтқарушылары барып, талқаны шыққан көліктен қаза болғандардың мәйіттерін шығарған. ТЖ қызметкерлерінің мәліметінше, бес адам оқиға орнында қаза тапқан. Тағы біреуі ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.

 


Фото мен видео: Tengrinews.kz

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 507.16  course down  594.97  course up  6.53  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети