Семейде із-түссіз жоғалған жігіт асылып қалған болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейде із-түссіз жоғалған жігіт асылып қалған болып шықты © Устинка Live

Семейлік Ерлан Қуанышбаев 10 шілдеде түнгі уақытта із-түссіз жоғалып кеткен. Ер адам түнгі бірден аса телефонсыз және ақшасыз үй киімімен шығып кеткен, - деп хабарлайды Устинка LIVE.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейлік Ерлан Қуанышбаев 10 шілдеде түнгі уақытта із-түссіз жоғалып кеткен. Ер адам түнгі бірден аса телефонсыз және ақшасыз үй киімімен шығып кеткен, - деп хабарлайды Устинка LIVE.

Полицейлердің мәліметінше, 25 жастағы Ерлан Қуанышбаевтың мәйіті Восточный ауылында табылған. 2017 жылы 13 шілдеге дейін ол сол ауданда тұрған. Қалалық тәртіп сақшылары дереу іздеуге кіріскен. Жедел-тергеу шаралары барысында 25 жастағы жігіт ағашқа асылып тұрған жерінен табылған. Оның денесінде зорлық белгілері жоқ. Соңғы хат қалдырмаған. 

"Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-бөлігі ("Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу") дерегі бойынша іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді Семей ІІБ басшысы Елубек Оспанов. 

Ерлан Қуанышбаевтың мұндай әрекетке не себепті барғаны белгісіз. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 507.05  course down  592.1  course up  6.54  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети