Семейде көктайғақтан бір адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейде көктайғақтан бір адам қаза тапты © 112-pyat.ru

Семейде көктайғақ адам өліміне себеп болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға 2015 жылдың 6 желтоқсанында болды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейде көктайғақ адам өліміне себеп болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға 2015 жылдың 6 желтоқсанында болды.

Көктайғақтан 1963 жылғы әйел қаза тапты. "Ол аяғы тиіп кетіп, сатыға құлады. Бассүйек-ми жарақатынан ол жедел жәрдем қызметі келгенге дейін көз жұмды", - деп хабарлады Семей жедел жәрдем бекеті қызметкерлері. Дәрігерлер көктайғақтың салдарынан жедел жәрдем қызметін шақырушылардың саны артқанын айтты. "Біз әдетте бір тәуліктің ішінде травматологиялық бекетке 13 адам жеткізілетін, бірақ өткен сенбіде 35 адам, жексенбіде 34 адам әкелінді", - деді дәрігерлер. Екі күн ішінде Семейде медициналық бекетке 200-ден аса адам келген. Оның ішінде 18 бала бар. "90-ға жуық адам түрлі жарақат алды. Сегіз адам ауруханаға жатқызылды", - травматологиялық бекеттің дәрігері Құмар Сейілханов.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети