Семейде мектеп өртенді

© ru.golos.ua

Семей қаласында №12 мектеп өртенді, - деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.

Қаладағы №12 орта мектептің ғимараты қызыл жалынға оранғаны жөніндегі хабар кезекші бөлімге сағат 04:00 шамасында түскен. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер кірпіштен салынған 3 қабатты ғимараттың бірінші қабатындағы бөлменің жанып жатқанын анықтаған.

Тілсіз жаудың беті дер кезінде қайтарылды. Қызыл жалын 10 шаршы метр аумақты шарпыған. Өртпен айқасқа 26 адам мен 7 техника жұмылдырылған. Алдын ала болжам бойынша, өрт қасақана қойылуы мүмкін. Өйткені терезе шағылыпты. Дәл қазір оқиғаның анық-қанығын полиция қызметкерлері анықтап жатыр. Бұл туралы Семей қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы хабарлап отыр.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама