Семейде жоғалып кеткен үш баланың анасы өлі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейде жоғалып кеткен үш баланың анасы өлі табылды © Устинка Live

Іс-түссіз жоғалып кеткен 38 жастағы үш баланың анасының денесі өзен жағалауынан табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әйел адамның неден қайтыс болғаны сот медициналық сараптамадан соң белгілі болады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Іс-түссіз жоғалып кеткен 38 жастағы үш баланың анасының денесі өзен жағалауынан табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әйел адамның неден қайтыс болғаны сот медициналық сараптамадан соң белгілі болады. 

Семей ІІБ қызметкерлері, із-түссіз жоғалып кеткен Семей тұрғыны 1 қыркүйекте табылғанын айтады. 

"102 каналына қала тұрғынынан Ертіс өзенінің жағалауында Орленок саябағы ауданында белгісіз әйел адамның мәйіт жатқаны туралы хабарлады. Семей қалалық ІІБ жедел тергеу тобы оқиға орнына дереу келіп, жоғалып кеткен 1980 жылғы әйелекенін анықтаған. Әйелдің денесінде зорлық белгілері анықталмаған", - деді Семей ішкі істер басқармасының өкілдері. 

Айта кетейік, Динара Әубәкірова 20 тамыздан бері іздестіріліп келеді. Еріктілердің айтуынша, 38 жастағы әйел 20 шілдеде кешкі сағат беске таман Нахаловка ауылында үйінен шыққан. Өзімен телефон, құжаттарын алмапты.

Полиция мәліметінше, әйел адам суға түншығып қалған болуы мүмкін. Алайда нақты неден қайтыс болғаны сот медициналық сараптамадан кейін белгілі болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети