01 маусым 2022 17:55

Семей орманында 150 гектардан аса жер өртеніп жатыр

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Семей орманындағы өрт сөндіріліп жатыр. Өрттің ауданы шамамен 160 гектар болады. Куәгерлер әлеуметтік желілерге Қарағайлы ауданындағы және қаладан шыққан түтін көрінетін видеоларды жариялап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметі өкілі өрт "Семей орманы" резерватында, Жаңасемей филиалында сөндірілгенін айтты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ⭐СЕМЕЙ 🔹️НАСТОЯЩИЙ @SEMEY24 (@semey24)

"Өрт 2022 жылғы 1 маусымда сағат 14:27-де орман шаруашылығының Жаңасемей филиалында тіркелді. Өрт аумағы шамамен 160 гектар болады. Өрт сөндіруге жеке құрамнан 140 адам және 34 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ, оқиға орнына ТЖМ № 68303 әскери бөлімінің күштері мен құралдары барды", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Оса Семей (@oo_osa_semey_vko)

Мамандардың алдын ала болжамы бойынша, өрт найзағайдан кейін басталған. Семейде құрғақ, ыстық ауа райы салдарынан өрт қаупінің бесінші деңгейі жарияланған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Оса Семей (@oo_osa_semey_vko)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети