Семей орманындағы өрт ауыздықталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Семей орманындағы өрт ауыздықталды Фото:instagram.com/shygysqaz_tjd

Шығыс Қазақстанда орман өрті ауыздықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстанда орман өрті ауыздықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"1 маусымда "Семей орманы" МОТР аумағында, Жаңасемей филиалында, Подгороднее орман шаруашылығында басталған өрт 2 маусымда сағат 11.00-де оқшауланды. Өртті сөндіруге ШҚО ТЖ департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың, ТЖМ № 68303 әскери бөлімінің орманшылары мен күштері, жалпы саны 399 адам мен 85 техника жұмылдырылды", - делінген хабарламада.

Қатты жел өртті ауыздықтауға қиындық туғызғаны айтылды. Өрттің алдын ала себебі - найзағай. Өрттің жалпы ауданы шамамен 200-250 гектар болған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Жарнама
Жарнама

Еске салайық, бұған дейін Семей орманындағы өрт сөндіріліп жатқаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама