Семей тұрғыны жанып жатқан үйден туысын құтқарды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семей тұрғыны жанып жатқан үйден туысын құтқарды

Семейде кеше екі үйден өрт шықты. Өртті көрші тұратын Андрей Матвеев көргенде, үй кіреберісінің төбесі, терезе-есігі, жиһаздар жанып жатқан. Андрей өрт сөндірушілерді күтпей, көмекке ұмтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл үйде 1954 жылы туған Андрейдің туысы тұрған. Андрей үйге барғанда, ер адам бөлменің еденінде жатқан. Андрей сасқалақтамай, терезені сындырып, үйге кірген. Ол үй иесін тауып, оны далаға шығарған. Дер кезінде көрсетілген көмектің арқасында жәбірленуші аман қалған. Ол жедел жәрдем дәрігерлері тексергеннен кейін үйіне қайтты", - деді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі өкілі.

Андрей - өте қарапайым адам. Өзі туралы айтқан жалғыз нәрсе - 41 жаста екені, оның екі баласы бар. Ол өзінің орнында кім болса да, дәл осылай істейтініне сенімді.

ШҚО ТЖД мәліметінше, оқиға орнында өрт сөндірушілер жалпы ауданы 15 шаршы метр өртті сөндірді. Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің себебі - электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети