29 сәуір 2015 | 10:22

Семейде 20 жастағы қыз көлікпен бірге Ертіске батып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© oskemen.info © oskemen.info

Семейде 20 жастағы қыз көлікпен бірге Ертіске батып кетті, - деп хабарлайды YK-avto.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Семейде 20 жастағы қыз көлікпен бірге Ертіске батып кетті, - деп хабарлайды YK-avto.kz.

Порталдың мәліметінше, "ВАЗ-21099" автокөлігі жағалаудан шығып, Ертіс өзеніне түсіп кеткен. ШҚО мобильдік дайындық басқармасындағылардың хабарлауынша, жолаушы қыз көліктің салонында қалып қалған.

"Қайғылы оқиға туралы хабар полицияға бүгін, түнгі сағат 02.35-те келіп түсті. Аквапарк аумағындағы жаңа көпірдің астында ресейлік номері бар автокөлік жағалаудан өзенге түсіп кетті", - делінген жарияланымда.

Ведомствоның мәліметінше, 1994 жылы туылған жүргізуші көліктен түсіп үлгерген, ал 1995 жылғы қыз темір тұлпардың ішінде қалыпты. Алдын ала мәлімет бойынша, қыз көліктен түсіп үлгермей, суға батып кетті. Бүгін таңертең құтқарушылар қыздың денесін іздеуге кірісті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қызылорда облысында көліктегі 5 адам Сырдария өзеніне батып кеткен болатын. Қайғылы оқиға 20 қаңтар күні Арал ауданының Аманөткел елді мекені маңында болды. Көлік пен марқұмдардың мәйітін судан шығаруға Қызылорда облысы ТЖД-нің Судан құтқару қызметі жеке құрамының 4 адамы, 1 дана техника және 1 дана арнайы көтергіш (арнайы кран) техникасы жұмылдырылды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети