Семейде 6-сынып оқушысы соққыға жығылған: қылмыстық іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейде 6-сынып оқушысы соққыға жығылған: қылмыстық іс қозғалды Видео кадры: Абай облысы ПД

Абай облысының полициясы жоғары сынып оқушылары 6-сынып оқушысын соққыға жыққан оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады. Зардап шеккен баламен психолог жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абай облысының полициясы жоғары сынып оқушылары 6-сынып оқушысын соққыға жыққан оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады. Зардап шеккен баламен психолог жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше, оқиғаға қатысушылар анықталып, ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізілген.

"Жасөспірімдер полиция бөлімінің есебіне қойылады. Олардың тәртібін кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссия қарайды. Ата-аналар балаларының тәрбиесі бойынша міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады", - деп жазылған хабарламада.

Жәбірленуші жасөспірімге ерекше назар аударылған, ол арнайы орталықта мамандардың бақылауында.

"Білікті мамандар жасөспірімнің психологиялық жағдайын қалпына келтіру үшін жұмыс істеп жатыр. Оқиғаға қатысы бар жасөспірімдерге тиісті шаралар қолданылады. Бүгін кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссия отырысы өтеді, онда әрбір қатысушының әрекеті жеке қаралып, қажет шешімдер қабылданады", - деп жазылған хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети