Семейде 86 жастағы жүргізуші жедел жәрдем көлігімен соқтығысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейде 86 жастағы жүргізуші жедел жәрдем көлігімен соқтығысты

Бүгін Семейде жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады. Куәгерлер апаттың салдары түсірілген кадрларды әлеуметтік желіде жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Семейде жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады. Куәгерлер апаттың салдары түсірілген кадрларды әлеуметтік желіде жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеода екі автомобиль де жолдан шығып кеткені көрініп тұр. Қызыл KIA ағашқа кіріп кеткен, ал жедел жәрдем жолдың сыртында. Семей полиция басқармасы жол апатының мән-жайын айтты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Оса Семей (@oo_osa_semey_vko)

"2022 жылдың 30 мамырында сағат шамамен 12.30-да KIA автокөлігінің 86 жастағы жүргізуші Алтай көшесінен Морозов көшесіндегі басты жолға шығып бара жатып, бұрылу кезінде жедел жәрдем көлігіне жол бермей, соқтығысып қалды", - деп хабарлады Семей ПБ баспасөз қызметіндегілер.

Жол апаты салдарынан төрт адам түрлі жарақат алып, медициналық мекемеге жатқызылды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр, бірқатар сот сараптамасы тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети