24 маусым 2015 23:28

Семейде бір әйел жалаңаш серуен құрды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©"31 арна" кадры ©"31 арна" кадры

Семейде киімсіз тыр жалаңаш  көшеге шығып, серуен құрған әйелдің әрекеті  тұрғындардың жағасын ұстатты, - деп хабарлайды "31 арна". Мұны байқаған тұрғындардың бірі жанталасып бейнетаспаға түсірсе, енді бірі суреттерді әлеуметтік желілерге таратты.

Азаматша кеше күндізгі сағат үштер шамасында үйінен шығып кеткен. Қаланың сол жақ жағалауда тұратын ол таңертең оң жақ жағалаудан жалаңаш көше кезіп жүрген кезінде табылып отыр. Дәрігерлердің айтуынша, туыстары оған бақылауды жеткіліксіз жүргізген әрі дәрігердің тағайындаған емін уақытында қабылдамауы осындай оқиғаға әкеліп отыр.

Қалалық аурухананың дәрігерлері болса көшеде жалаңаш серуендеген әйелдің психикалық созылмалы ауруға шалдыққанын және екінші топтағы мүгедек екенін айтты. Оның емханада есепте тұратыны анықталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети