03 тамыз 2015 | 12:37

Семейде екі баласын өрттен құтқарғысы келген келіншек қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ШҚО ТЖД ©ШҚО ТЖД

Семейде балаларын өрттен құтқарғысы келген келіншек қаза тапты. Балаларының үйде қалып қойғанын білген ана қайта кіріп, екі баласымен бірге шыға алмай қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Семейде балаларын өрттен құтқарғысы келген келіншек қаза тапты. Балаларының үйде қалып қойғанын білген ана қайта кіріп, екі баласымен бірге шыға алмай қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт Карагандинский көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде шықты. Оқиға орнына келген өртсөндірушілер жанып жатқан үйде адамдардың бар екенін анықтайды. "Тексерістен үйдің ағаш құрылысы, төбесі, едені, жиһаздар, төбенің пластик бөліктері, жуыну бөлмесі, тұрмыстық техникасы, жеке заттар, терезе мен есік өткелдерінің жанғаны анықталды. Өрт шалған аумақ - 50 шаршы метр. Жеке құрамның 12 адамы жұмылып, 3 өрт сөндіру техникасы қоланылды", - деп хабарлады ТЖД өкілдері.

Сонымен қатар, баспасөз өкілдерінің мәліметінше, өртті сөндіру кезінде жатын бөлмеде иістен уланған 1984 жылғы азаматша мен 6 және 3 жастағы екі бала табылды. Құтқарушылар өртеніп жатқан үйден әйел мен балаларды дереу шығаруға ұмтылған, алайда оларды құтқару мүмкін болмады. 

Оқиға орнына қайтыс болған әйелдің шешесі келген. Ол құтқарушыларға қызының балалары үшін өлімге бас тіккенін айтып берді. "Біз түннің бір уағында үйде өрт шыққанын білдік, қызымды оятып, көшеге жүгіріп шықтық. Бірақ қызым үйде балалардың қалып қойғанын есіне түсіріп, қайта кіріп кетті. Бірақ ол қайтып шыға алмады", - деді ол. Оны жедел жәрдем қызметкерлері алып кетті. 

ТЖД өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр, алдын ала болжам бойынша, өрттің қауіпсіздік ережесін сақтамаудан шыққан. 

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети