Семейде жүк көлігінің тіркемесі ажырап кетіп, ер адам мерт болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейде жүк көлігінің тіркемесі ажырап кетіп, ер адам мерт болды Фото: hdpic.club

Семейде ажырап кеткен КамАЗ-дың тіркемесі 20 жастағы жігітті мерт қылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейде ажырап кеткен КамАЗ-дың тіркемесі 20 жастағы жігітті мерт қылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 24 наурызда сағат 16:30 шамасында болған. 34 жастағы жүргізуші КамАЗ жүк көлігін біріктірілген тіркемемен басқарып келе жатқан. Ол қалада келе жатқан кезде ақау салдарынан жүк тіркемесі ажырап кеткен. Артынша тіркеме өз бетінше жүріп кеткен. Салдарынан тіркеме жол жиегінде кетіп бара жатқан тұрғынды қағып кетті.

Апат салдарынан Семей қаласының 20 жастағы тұрғыны оқиға орнында қайтыс болды.

Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру басталды.

Бүгінде бірқатар сот сараптамасы тағайындалған, олардың нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети