20 ақпан 2017 16:50

Семейде мас полицей жолаушылар толы таксимен бетпе-бет соқтығысты: Бір адам көз жұмды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейде полиция қызметкері мас күйде рөлге отырып, жол апатына ұшырады. Оқиға салдарынан бір адам мерт болды, ал полицей қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Семейде полиция қызметкері мас күйде рөлге отырып, жол апатына ұшырады. Оқиға салдарынан бір адам мерт болды, ал полицей қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болған жол апатын қала тұрғындары әлеуметтік желіде талқылап жатыр. "Мас полицей бағдаршамның қызыл белгісіне өтіп кетіп, менің қызымның сыныптастары отырған таксиге барып соғылған. 25 жастағы жігіт көз жұмды, екіншісі жансақтау бөлімінде жатыр", - деп жазыпты Семей тұрғыны.

Оқиға 18 ақпанда түнгі үште қала орталығында болған. Абай көшесі мен Шәкәрім даңғылының қиылысында Toyota бес жолаушы отырған көлікке бетпе-бет соғылған. Бес адам да жарақат алып, бірі ауруханада көз жұмғаны белгілі болды.

"Иә жол апатына полиция қызметкері себеп болды. Сараптама жол апаты кезінде оның мас болғанын көрсетті. Қазір ол уақытша ұстау абақтысына жабылды. Соталды тергеу жүріп жатыр", - дейді ІІБ өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети