09 наурыз 2021 16:51

Семейде мереке қарсаңында жоғалып кеткен ер адам өлі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Семейде Ертіс өзені арқылы өтетін көпір астынан ер адамның денесін табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бүгін Семейде Ертіс өзені арқылы өтетін көпір астынан ер адамның денесін табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға болған жерге жедел-тергеу тобы жіберілді. Ер адамның кім екені анықталды. Ол хабар-ошарсыз кеткен 75 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Денесінде зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ. Қазіргі уақытта өлім себебі анықталып жатыр. Жоғалған адамды іздеу бірнеше күнге созылған. Ер адамның денесін көпірден кездейсоқ өтіп бара жатқан қалалық полиция бөлімі қызметкері тапқан.

"Жедел басқару орталығының басшысы Жанат Мұқанов көпірден өтіп бара жатып, мұзда ер адамның мәйіті жатқанын байқаған. Ол қызметтік көлігін тоқтатып, бұл туралы 102-ге хабарлаған. Бұл жоғалып кеткен қала тұрғыны Оралбек Өмірғалиевтің денесі екені белгілі болды. Зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ", - деп хабарлады қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі өкілдері.

Ер адамның жоғалғаны туралы 7 наурызда марқұмның туысы хабарлаған. Оның айтуынша, ол үйден шығып, кейін қайта оралмаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети