20 наурыз 2015 10:18

Семейде өртенген құдықтан екі адамның мәйіті табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©time.kz ©time.kz

Шығыс Қазақстан облысында өртенген құдықтан екі адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шығыс Қазақстан облысында өртенген құдықтан екі адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Семейдегі Әуезов көшесінде жылу өтетін жолдағы құдықтан түтін шыға бастаған. Өрт сөндіру бөлімшесі оқиға орнына келіп, жалпы көлемі 3 шаршы метр болатын қалдықтардың өртеніп жатқанын анықтады.

"Өртсөндірушілер оқиға орнын шолып шығып, толықтай жанып кеткен екі адамның мәйітін тапты. Олардың кім екені және өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Алдын ала тұжырым бойынша тілсіз жау отты абайсыз қолданудан шыққан. Өрт сағат 08.47-те ауыздықталды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақмола облысында бір әйел мен 12 жастағы бала өрттен қаза тапқан болатын. Төтенше оқиға 3 наурыз күні сағат 05.41-де болды. Щучинск қаласында екі пәтерлі бірқабатты тұрғын үйде өрт шықты. Жалын 80 шаршы метр ауданды шарпыды. Өрт орнынан екі мәйіт табылды - 1974 жылы туған әйел мен 2003 жылы туған ер бала.   

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети