Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Семейде сарбаз көпірден секіріп өлді

16 Мамыр 2015, 15:36
2
Newstes.ru сайтынан
Newstes.ru сайтынан

Семейде сарбаз көпірден секіріп өлді, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы. 20 жастағы жігіт Ертіс өзеніне батып кеткен.

Телеарнаның хабарлауынша, құтқарушылар оның денесін іздестіріп жатыр. Сарбаз Аягөзде келісімшарт бойынша әскери қызмет атқарған. Болжам бойынша, Семейге сүйіктісімен кездесу үшін келген ол үйленбек болып, ғашығына ұсыныс жасаған. Қызының келіспейтінін естіп, өз-өзіне  қол жұмсаған.

Айта кетейік, бұл Семейдегі алғашқы жағдай емес. Семей қалалық судан құтқару қызметінің басшысы Қуанышбек Байтуғановтың айтуынша, Семей тұрғындары көпірден секіріп өлуді әдетке айналдырған. "Былтыр 5 айда суға кеткендердің саны 1 адам болса, биыл 1 жарым айда 5 адам суға кетті", - деді ол.

Еске сала кетейік, осыған дейін Астанада екі оқушы қыздың тұрғын үй балконынан секіріп кеткені хабарланған болатын. 11-қабаттан құлаған екі қыз да көз жұмды.

 


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай