Семейде су басу қаупіне байланысты тұрғындар эвакуацияланып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейде су басу қаупіне байланысты тұрғындар эвакуацияланып жатыр © ШҚО ТЖД

Семейде Ертіс аумағындағы үйлердің тұрғындары эвакуацияланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейде Ертіс аумағындағы үйлердің тұрғындары эвакуацияланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Эвакуациялау бүгін, 28 наурызда таңғы уақытта басталды. Жедел штабтың мәліметінше, Ертісте су деңгейінің көтерілуіне байланысты Полковничий, Мирный ауылы және Восточный ауылдарындағы көшелердің су астында қалу қаупі бар.

"Қазіргі уақытта Полковничийде тұрғындарды эвакуациялап жатыр. Оқиға орнында қала әкімінің басшылығымен Төтенше жағдай қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Жағдай бақылауда", - деп хабарлады БАҚ өкілдерімен байланыс тобының өкілі Мейіржан Амангелдиев.


© ШҚО ТЖД

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің соңғы мәліметтеріне қарағанда, қазіргі уақытта 6 адам эвакуацияланды, олардың біреуі - бала. Барлығы қонақүйге орналастырылды. Қалған адамдарды эвакуациялау жалғасып жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 518.39  course up  600.31  course up  6.73  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети