Семейде көне зираттағы өртті ауыздықтауға 11 сағат жұмсалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Куәгерлер зиратта ағаш құрылыстар мен ескерткіштердің өртеніп жатқанын хабарлаған. Кейін жалын зират маңындағы қоқыстар мен құрғақ шөптерге де жеткен.

Қорымдағы өртенген аумақ 800 шаршы метр болды. Оқиға орнында 4 топ жұмыс істеді. Алдын ала болжам бойынша, өрт абайсызда шыққан. "Осыған орай ШҚО ТЖД МӨБ қызметкерлері азаматтарға өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауды ескертеді. Ауылдық жерлерде, саяжайларда ыстық ауа райы кезінде абай болуға шақырады", - деді ТЖД баспасөз қызметкерлері.
Еске сала кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында зираттағы ескерткіштерді жаппай қиратты делінген күдіктінің ұсталғаны хабарланған болатын. Тергеу деректері бойынша, зираттарды жаппай қорлаудың себебі оның ауыл тұрғындарының біреуімен жанжалдасып қалуында. Жанжалдан кейін жас жігіт мас күйде зираттарға барып, қабір үстіндегі құлпытастарды қиратып, крестерді сындырған.