26 мамыр 2022 13:52

Семейдегі жол апаты видеоға түсіп қалған

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:instagram.com/semey_city_ Фото:instagram.com/semey_city_

Куәгерлер әлеуметтік желілерде Семейдегі жол апатының видеосын жариялады. Оқиға 25 мамырда кешке Әуезов даңғылында болған. Жол апаты салдарынан көлік жолдан шығып, көгалға ұшып кеткен. Осылайша, жолдағы қоршаудың бір бөлігіне зақым келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрлардан жолаушылар жарақат алып, дәрігерлерді күтіп тұрғаны көрінеді. Кейін жол апаты болған кездегі видео жарияланды. ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 17:21-де қаланың сол жақ жағалауында болған.

"35 жастағы "Хонда" жүргізушісі Лермонтов көшесінен Әуезов даңғылына шығып, солға бұрыларда "Лада" көлігіне жол бермей, соқтығысқан. 20 жастағы "Лада" жүргізушісі Әуезов даңғылы бойымен Селевин көшесі жағынан Первомайская көшесіне қарай кетіп бара жатқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан "Лада" жүргізушісі мен жолаушысы түрлі дене жарақатын алып, медициналық мекемеге жатқызылды", - деді облыстық ПД баспасөз қызметі өкілі.

Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды. Бірқатар сот сараптамасы тағайындалды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ТИПИЧНЫЙ СЕМЕЙ (@typicalsemey)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети