Фото ©Tengrinews.kz
Семейдің орталық базары орналасқан ауданның көшелері су астында қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтының тілшісі. Саудагерлердің айтуынша, еріген тоңның суы сауда дүңгіршіктерінің алдын көл қылып жіберген. Олар тауарларды сақтап қалу үшін суды бөгеуге тырысып, күл төгіп, жасанды бөгет жасамақ болған. "Біз суды сарқымақ болып, демалыссыз шелекпен тасып жатырмыз, сонда да еңбегіміз зая кетуде" деп шағымданады дүңгіршек иелері. Көп жылдардан бері көктем сайын адамдар сумен күреседі. Өйткені, бұл көшеде арнайы су ағатын кәріздер жасалмаған. "Биыл бұл аудандарды су басу дәрежесі рекорттық деңгейге көтерілді" дейді саудагерлер. Зардап шегушілерге Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары қол ұшын беріп жатыр. Мамандар күні бойы өрт сөндіру көлігінің көмегімен көшедегі суды сарқуға тырысқан. Сондай-ақ, тұрғын-үй комуналдық шаруашылығы бөлімі коммуналдық қызметтің қатаң режимде жұмыс жасап жатқанын айтады. 16 наурыз күні аталған аудандарға 7,4 мың куб қар түсіп, соның еру салдарынан 2 мың куб су пайда болған. Коммуналдық қызмет арнайы кезекшілік ұйымдастырып, телефон арқылы тапсырыс алып, қажетті керек-жарақ материалдарды жеткізіп беруде.
Семейдің орталық базары орналасқан ауданның көшелері су астында қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтының тілшісі.
Саудагерлердің айтуынша, еріген тоңның суы сауда дүңгіршіктерінің алдын көл қылып жіберген. Олар тауарларды сақтап қалу үшін суды бөгеуге тырысып, күл төгіп, жасанды бөгет жасамақ болған. "Біз суды сарқымақ болып, демалыссыз шелекпен тасып жатырмыз, сонда да еңбегіміз зая кетуде" деп шағымданады дүңгіршек иелері.
Көп жылдардан бері көктем сайын адамдар сумен күреседі. Өйткені, бұл көшеде арнайы су ағатын кәріздер жасалмаған. "Биыл бұл аудандарды су басу дәрежесі рекорттық деңгейге көтерілді" дейді саудагерлер. Зардап шегушілерге Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары қол ұшын беріп жатыр. Мамандар күні бойы өрт сөндіру көлігінің көмегімен көшедегі суды сарқуға тырысқан.
Сондай-ақ, тұрғын-үй комуналдық шаруашылығы бөлімі коммуналдық қызметтің қатаң режимде жұмыс жасап жатқанын айтады. 16 наурыз күні аталған аудандарға 7,4 мың куб қар түсіп, соның еру салдарынан 2 мың куб су пайда болған. Коммуналдық қызмет арнайы кезекшілік ұйымдастырып, телефон арқылы тапсырыс алып, қажетті керек-жарақ материалдарды жеткізіп беруде.