Серік Ахметов ісі фигуранттарының бірі кепілмен босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Серік Ахметов ісі фигуранттарының бірі кепілмен босатылды ©varlamov.me

Серік Ахметов ісі фигуранттарының бірі кепілмен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Серік Ахметов ісі фигуранттарының бірі кепілмен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл ақпаратты Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров растады. Ғұмар Рахымжановқа қандай шара қабылданғанына түсінік беруді сұраған журналистердің біріне Қожамжаров; "Кепіл", - деп қысқаша жауап берді.

Журналистің "Неге бұл адам "ҚазАгроҚаржы" компаниясында қызметте тұр?" деген сұрағына ол кеше Үкімет басшысына Рахымжановты қызметінен босату туралы ұсыныс білдіргенін айтты. 

Еске сала кетейік, 19 қараша күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішевке, Қарағандының экс-әкімі Мейрам Смағұловқа, "Металлургия-Металл өңдеу" Индустриялық паркі" арнайы экономикалық аймағының бұрынғы директоры Анатолий Ессеге, "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының және кейін "ҚазАгроҚаржы" АҚ басшысы болған Ғұмар Рахымжановқа және басқа да тұлғаларға қатысты ауыр жемқорлық қылмыстарын тергеп жатқаны туралы хабар таратқан еді. Тергеліп жатқан істердің аясында Серік Ахметовке де айып тағылды. Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық соты оған үй қамауы бұлтартпау шарасын санкциялады. 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети