24 қаңтар 2015 | 21:22

Серік Ахметовтің өлімі туралы қауесет таратқан адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Серік Ахметов. Фото: Тұрар Қазанғапов Серік Ахметов. Фото: Тұрар Қазанғапов

Қорғаныс министрлігінің бұрынғы басшысы Серік Ахметовтің өзіне-өзі қол жұмсағаны туралы қауесетті таратқан адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Қорғаныс министрлігінің бұрынғы басшысы Серік Ахметовтің өзіне-өзі қол жұмсағаны туралы қауесетті таратқан адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

22 қаңтар күні Жамбыл облыстық ҰҚК департаментіне ақпараттық-коммуникация желілерінде бұрынғы Қорғаныс министрі Серік Ахметовтің өлімі туралы жалған ақпаратты тарату дерегі туралы материал келіп түсті. "ІІД және ҰҚКД қызметкерлерінің қолға алған шаралары барысында Көгершін ауылында тұратын 1990 жылы туған Байшеміров ұсталды. Мойындау жауабын берді. Байшеміров "ВКонтакте" желісінде "Руслан Маекеев" деген атпен жалған аккаунт ашып, Серік Ахметовтің өлімі туралы ақпараты бар пост орналастырған", - делінген ақпаратта. Ұсталған адамның компьютері мен телефоны тәркіленді. "Көпе-көрінеу жалған ақпаратты тарату" бабымен қылмыстық іс қозғалды. 

Үй қамауында отырған Серік Ахметовтің суицид жасағаны туралы қауесет 9 қаңтарда әлеуметтік желілерде тарай бастаған еді. Келесі күні Қарағанды облысы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды. Департаменттің бөлім басшысы Дидар Смағұловтың айтуынша, Серік Ахметов Қарағандыда өз үйінде жатыр. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлері оған күні-түні бақылау жүргізіп отыр. Айыпталушыға тергеушінің рұқсатынсыз біреулермен сөйлесуге тыйым салынған. 

"Бұрынғы Қорғаныс министрі Серік Ахметовтің өлімі туралы жалған ақпарат тарату дерегі бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқан адамдарға қатысты қылмыстық жауапкершілікке тартуға дейін шаралар қолданылатын болады", - деп хабарлаған болатын сол кезде департамент өкілдері. 

Бұған дейін ҚР бұрынғы Қорғаныс министрі Серік Ахметовтің үй қамауында үшінші айға қалатыны хабарланған еді. Осылайша бұрынғы министр 2015 жылдың 18 ақпанына дейін үй қамауында отырады. Еске сала кетейік, Cерік Ахметов бюджет қаражатын аса ірі көлемде жымқырды деп айыпталып отыр. Тергеудің мәліметінше, ол қылмысты Қарағанды облысының әкімі болып қызмет істеген кезде жасаған. Ол өз кінәсін мойындамайды. Серік Ахметов осы жылдың 22 қазаны күні қорғаныс министрі қызметінен өз еркімен кеткен болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети