Сеул - Алматы рейсінің жолаушылары жолсерікті балағаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сеул - Алматы рейсінің жолаушылары жолсерікті балағаттады Видеодан алынған кадрлар

"Эйр Астана" әуе компаниясындағылар Сеул - Алматы бортында болған оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Эйр Астана" әуе компаниясындағылар Сеул - Алматы бортында болған оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Эйр Астана" қызметкерлерінің айтуынша, Сеул - Алматы КС 960 рейсінде 20 қыркүйекке қараған түні алты адамнан құралған бір топ қыз-жігіт борт қызметкерлерін балағаттап, жұмыс істеулеріне кедергі келтіріп, өзге жолаушыларға ыңғайсыздық келтірген.

"Жасағат әрекеттеріне байланысты оларға алкогольдік сусындар берілмеді. Видеоға түсіп қалған жолаушы қыз жолсерікті жеткенше балағаттап, күш көрсететінін айтқан. Жолаушыға қатысты ескерту актісі жасалды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, жолаушы Алматы әуежайында ішкі істер органдарына берілді.

Бұған дейін әлеуметтік желіде видео тарады, одан жолаушының жолсерікті балағаттағанын көруге болады. Қыз былай деді: "Алкогольдің қатысы қанша? Мені дұрыстап тамақтандыр".

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети