02 қаңтар 2017 15:55

Шахтинскідегі құлаған үйдің мән-жайы белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі Қарағанды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Құтқарушылар жасағы Шахтинскінің Шахан ауылында үйдің бір бөлігінің құлауына байланысты үйінділерді толығымен тазартты. Адамның дене мүшелері табылған жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан. 


Құтқарушылар жасағы Шахтинскінің Шахан ауылында үйдің бір бөлігінің құлауына байланысты үйінділерді толығымен тазартты. Адамның дене мүшелері табылған жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан. 

 

Қазіргі уақытта үйынділерді тазарту жұмыстары аяқталды. Оқиға орны толығымен тазартылды. Адамдардың дене мүшелері табылған жоқ. Алайда құтқарушылар үйдің пеш жағушысын тапқан жоқ. Оның оқиға болған кезде қайда болғаны беймәлім. Қайтыс болғандардың денесі Шахинск мәйітханасына жеткізіледі. 

Айта кетейік, үйді толығымен тазартып болғаннан кейін, үйдің құлауына қазандықтың жарылуы себеп болды деген болжамдар өз айғақтарын тапты, алайда сараптама қорытындысынан кейін ғана нақты бір шешім шығарылады. 


© Тengrinews.kz 

Жаңа қазандық дайындаймыз, жаңа орын, жертөлені қайта қалпына келтіру қажет. Ертең үйдің қаншалықты жарамды екені туралы сарапшылар шешімі шығады. Егер тұруға болатын болса, үйге электр қуатын, су және жылу беру қажет",  деді Қарағанды облысының әкімі Андрей Ляпунов.

Оның айтуынша, үйдің барлық тұрғындары өз пәтерлерінен қауіпсіз жерге шығарылды. Участкелік полицеймен бірге өз пәтеріне кіріп заттарды алып шығуға рұқсат етіледі. Тұрғындарды мешіт пен балабақшада қоныстандырамыз, алайда әзірге ондай қажеттілік жоқ. 

Еске салайық, 1 қаңтарда Шахтинск қаласындағы Шахан ауылында кешкі уақытта тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып, 9 адам қаза тапқан болатын. Олардың үшеуі ер адам, үшеуі әйел, тағы үшеуі балалар екен. Оқиға орнында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Ал кейін апаттың алдын ала себебі аталған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети