Шахтинскте адам өліміне әкеп соққан жол апатының видеосы жарияланды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шахтинскте адам өліміне әкеп соққан жол апатының видеосы жарияланды

Әлеуметтік желілерде жаяу жүргіншінің өліміне әкеп соққан жол апатының видеосы жарияланды. Оқиға көшедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде жаяу жүргіншінің өліміне әкеп соққан жол апатының видеосы жарияланды. Оқиға көшедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл оқиға былтыр қаңтарда Шахтинск қаласында болған. 29 жастағы жүргізуші жаяу жүргінші әйелді қағып кеткен. Жәбірленуші алған жарақаттарынан қайтыс болды. Видеоға қатысты Қарағанды облысы Полиция департаменті анықтау басқармасының бастығы Алмаз Саламатов пікір білдірді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алмаз Саламатов (@salamatov_almaz)

"Видеодан жол апаты қарсы қозғалыс жолағында болғаны көрінеді. Жол қозғалысы ережелеріне сәйкес жүргізуші жол және метеорологиялық жағдайларды ескеруі, көлікті басқара алуы керек. Жүргізуші  тұрақты жылдамдықпен жүрмей, жолаққа шығып кетті. Бұл іс сотта қаралды. Жүргізушіге 2,6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - деді Алмаз Саламатов.
 

Сондай-ақ, ол егер жүргізуші көктайғақ жағдайында көлікті кенет тежемесе, жаяу жүргіншіні қақпай, өз жолымен жүре алатынын айтты.

Айта кетейік, былтыр Қарағанды облысында 132 жол апаты тіркеліп, 161 адам қаза тапты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети