“Шанхай“ базарындағы өрт: төбе құлап, құтқарушылар зардап шеккен

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Шанхай“ базарындағы өрт: төбе құлап, құтқарушылар зардап шеккен Фото Tengrinews.kz/Маржан Куандыкова

18 шілдеде таңертең елорданың ең ірі базарларының бірі – "Шанхайда" өрт шықты. Өрт 30 мың шаршы метрден астам аумақты қамтыған үш қабатты ғимаратты шарпыды. Өрт сағат 07:10-да оқшауланды. Tengrinews.kz тілшілері оқиға орнына барып қайтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

18 шілдеде таңертең елорданың ең ірі базарларының бірі – "Шанхайда" өрт шықты. Өрт 30 мың шаршы метрден астам аумақты қамтыған үш қабатты ғимаратты шарпыды. Өрт сағат 07:10-да оқшауланды. Tengrinews.kz тілшілері оқиға орнына барып қайтты.

Қазіргі уақытта базардың үстінен қою түті шығып жатыр. Өрт ауқымын базардың қасбетінен байқауға болады.

Құрылымның бір бөлігі, оның ішінде төбе құлап түскен. Оқиға орнын полиция қоршап тұр.

Өрт орнында жедел қызметтер жұмысын жалғастырып жатыр. Полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қауіпті аймақты бақылауда ұстап тұр.

Оқиға орнына су тасымалдайтын цистерналар мен арнайы техника келіп жатыр. Өрт оқшауланғанына алты сағаттан астам уақыт өтсе де, қою түтін әлі де шығып жатыр.

Өртті сөндіруге 122 адам мен 31 техника жұмылдырылды.

Оқиға орнында Астана Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Қанат Алтынбековтің айтуынша, алғашқы түтінді №7 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері байқаған. Бұл бөлім өрт болған жерге жақын маңда орналасқан. Дәл осы қызметкерлер дабыл берген.

"Біздің күштер жеткен сәтте жалпы ауданы 30 мың шаршы метрден асатын үш қабатты ғимарат толығымен өртке оранған еді. Тепловизор көрсеткендей, сыртқы қабырғалардағы температура 800 градустан асып кеткен. Ішінде не болғанын елестете беріңіз", – деді ол.

Алтынбековтың айтуынша, өртті сөндіруді ғимараттың құрылымдық ерекшеліктері қиындатқан.

"Ғимаратта жанғыш материалдар өте көп болды: киімдер, резеңке мен пластик бұйымдар, жүктеме өте жоғары болған", – деп түсіндірді ол.

Температураның әсерінен тірек конструкциялар деформацияға ұшыраған. Кейін бірінші және екінші, екінші және үшінші қабаттар арасындағы төбе плиталары құлаған. Өрт салдарынан ТЖД-ның үш қызметкері зардап шекті. Олардың бірі жарақат алып, миы шайқалып, ауруханаға жатқызылған.

Суреттер: Tengrinews.kz/Маржан Куандыкова

Қазіргі уақытта өртті сөндіру жалғасып жатыр.

Оқиға орнында Tengrinews.kz тілшілеріне айтылған мәлімет бойынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы 1-бөлігі – "Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Өрттің себебін анықтаумен қазіргі уақытта өрт сынақ зертханасы айналысып жатыр. Сонымен қатар бірқатар сараптамалар тағайындалады, олардың нәтижесі бойынша өрттің себебі мен алдын ала материалдық шығын анықталады", – деп қорытындылады ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети