“Шашымнан сүйреп, қылқындырды“: қазақстандық әйелін ұрып-соққанын камераға түсіріп алған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Шашымнан сүйреп, қылқындырды“: қазақстандық әйелін ұрып-соққанын камераға түсіріп алған видео кадры

Алматы облысында ер адам әйелін сабап, оқиғаны видеоға түсірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында ер адам әйелін сабап, оқиғаны видеоға түсірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Асиям есімді жәбірленуші әйел әлеуметтік желіде видео жариялап, күйеуінің есірткіге тәуелді екенін айтты. Соққы салдарынан Асиямның мұрны сынып, құлағы зақымданған.

"Жала жауып отыр маған, мен кешірмеймін бұл нашақорды. Менің туыстарыма мені өлтірсе де бәрібір. Сыныптастарыма рақмет, мені құтқарды. Шашымнан сүйреп, қылқындырып, қулақтан теуіп, жудырықпен ұрды. Мұрным сынған, барлық жерлерім көгерген. Шелектің ауруханасы мен АІІД мені тентіртті, көше кезіп жүрдім таң атқанша", – деп жазды ол.

Полиция не дейді?

Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелген. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

"Сотқа дейінгі тергеу аясында оқиғаның мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтау үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Аталған шаралар нәтижесі бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады", – деді ведомство.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети