28 қаңтар 2021 12:53

Шашынан сүйреген. Ақтауда ерлі-зайыптының жанжалы видеоға түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда отбасы арасындағы жанжал видеоға түсіп қалған. Әлеуметтік желіде таралған видео кадрларында жігіттің қызды күшпен көлікке итеріп, кейін шашынан сүйрегені көрінеді. Ақтау полиция департаменті жағдайға қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға орнынан түсірілген видео pust_givoryat_aktau Instagram-парақшасында жарияланды.

Видеодан ер адамның қызды қалай ұстап алғанын көруге болады. Оны басқа жігіт тоқтатуға тырысады. Ер адам қызды ұстап алып көлікке сүйреп апарады, кейін көлікке мәжбүрлеп отырғызды. Куәгерлердің айтуынша, қыз жанұшыра көмекке шақырған.

Оқиға туралы Ақтау полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді. Олардың ерлі-зайыпты екені анықталды.

"Аталған факт бойынша Ақтау қалалық полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері видеодағы жеке тұлғаларды анықтады. Екеуінен де түсінік алынды. Ерлі-зайыптының бір-біріне деген шағымы жоқ. Бұл олардың жеке өмірі болғандықтан, мәлімет жария етілмейді", - деп хабарлады Ақтау ПД баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети