Маңғыстаудағы Ыбықты сай шатқалында ойып жазу жазған Қазақ зағиптар қоғамының қалалық мәдениет үйінің директоры Манас Көшербаев қызметінен кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маңғыстаудағы Ыбықты сай шатқалында ойып жазу жазған Қазақ зағиптар қоғамының қалалық мәдениет үйінің директоры Манас Көшербаев қызметінен кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл ақпаратты Ақтөбе мәдениет басқармасы басшысы Алтынай Юнисова растады. Ол Манас Көшербаевтың жұмыстан кету өтінішін өз еркімен жазғанын айтты.
Еске салайық, шатқалда жазу жазған шенеунік Манас Көшербаев әрекеті үшін кешірім сұраған болатын.
"Ыбықты сай - Маңғыстаудың көркем жерлерінің бірі. Өкініштісі, қараусыз қалған. Жолы өте нашар, жан-жағы қоқысқа толы. Сол әдемі, керемет үңгірдің іші толған жазу, әдепсіз сөздер. Сондай бір дөрекі сөзді әдемі есімге айналдырмақ ниетім ғана болды. Аңдаусыз жаза бастым!", - деген еді Манас Көшербаев.
Бұған дейін Маңғыстаудағы Ыбықты сай шатқалында ойып жазу жазған ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалғанын хабарлаған болатынбыз. Ер адам балға, бұрағышқа ұқсас затпен жартасқа ойып жазады. Әлеуметтік желілерде ер адамның әрекеті көрінетін видео жарияланды.
"Туристерге Ыбықты сай мен Бозжыраны көрсетуге келдік. Бірақ бұл жерде, өкінішке қарай, вандалдар өз аттарын тасқа жазады, ұят", - дейді видео авторы.
Айта кетейік, бұл Ыбықты сайдағы алғашқы жағдай емес. 2023 жылғы мамырда Ыбықты сай шатқалында демалушылар кәуап пісіру үшін от жаққан. Демалушыларды "Ақтау добряков клубының" еріктілері видеоға түсіріп алған еді.
Артынша видеодағы ер адам Қазақ зағиптар қоғамының қалалық мәдениет үйінің директоры екені расталды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!