01 ақпан 2019 | 11:04

Шекара асқан шымкенттік жігіт тікелей эфирде қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Pixabay © Pixabay

Бірнеше күн бұрын табыс табу мақсатында Ресейге кеткен шымкенттік 18 жастағы Ирфан Ахмеджанов әлеуметтік желіде тікелей трансляция кезінде өз-өзіне қол жұмсады. Оқиға 30 қаңтарда Жаңа Уренгой қаласында болған. Бұл туралы жергілікті БАҚ жазды


Иконка комментария блок соц сети

Бірнеше күн бұрын табыс табу мақсатында Ресейге кеткен шымкенттік 18 жастағы Ирфан Ахмеджанов әлеуметтік желіде тікелей трансляция кезінде өз-өзіне қол жұмсады. Оқиға 30 қаңтарда Жаңа Уренгой қаласында болған. Бұл туралы жергілікті БАҚ жазды

Жігіттің сүйіктісі elitar.kz басылымына берген сұхбатында Ирфанның болашаққа деген жоспарлары көп болғанын және ол үйленуге дайындалып жүргенін айтқан. 

"Ирфан Ресей аумағында үш күн ғана болды.  Ол ештеңе де тауып үлгермеді. Таяуда ғана жігіт сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады, ол бақытты еді. Мұндайға баруына не түрткі болғаны белгісіз", - деді Светлана Саенко.

Олардың отбасында әкесі және үш қарындасы бар, жақында әжесі қайтыс болды, сол себепті Ирфанды алып келіп, жерлеуге үйінде қаражат жоқ. Ирфанды алып келіп, Шымкентте жерлеу үшін қажетті соманы жинауға атсалысуды сұраймыз", - деді қыз бала. 

Шымкентте бірнеше сайттар мен пабликтер қаражат жинау науқанын бастап кеткен. Instagram қолданушылары да көмек сұрап жатыр. "Құрметті достар! Біз жақын досымыздан, ұлдан, бауырдан, әріптес, болашақ күйеу және жақсы адамнан айырылып қалдық! Ол небәрі 18-де еді, үйінен жырақта түсініксіз жағдайда қайтыс болды! Баланы елге қайтаруға көмектесіңіздерші! Тасымалдау үшін қомақты қаражат керек! Әлемде жақсы адамдар барына сенеміз", -деп жазды қолданушылар. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети