Жамбыл облысында "Қарасу" шекаралық бақылау бөлімшесі бастығының орынбасары үш жылға шартты түрде сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстың Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне сілтеме жасап.

Cәуір айында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің №2038 әскери бөлімінің Қордай ауданындағы "Қарасу" шекаралық бақылау бөлімшесі бастығының орынбасары Нұржан Ұлықмановқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-тармағы және 209-бабының 3-тармағы бойынша ("Қызметтік өкілеттікті пайдаланып, экономикалық контрабанда жасау") қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған еді. Ол 2013 жылдың желтоқсанында Range Rover автокөлігінің "Қордай" шекаралық бақылау бөлімінің шлагбаумы арқылы заңсыз өтуіне жағдай жасаған деп айыпталды.
Тергеудің мәліметінше, ол автокөліктің "Қордай" кеден бекетінің уақытша сақтау қоймасына тексерусіз қойылуына көмектескен. Кейін автокөліктің руліне отырып, бақылау бекетінің шлагбаумынан заңсыз өткен. "ЧШ-2" шекара жасағына қақпаны ашуды заңсыз бұйырған. "Қордай" шекаралық бақылау бөлімінің жасағы Ұлықмановтың заңсыз әрекетін байқап, оны ұстаудың шараларын жасады. Ісінің әшкере болғанын түсінген Ұлықманов оқиға орнынан қашып кетті.