Шемонаихадағы жарылыс: 2 адам зардап шегіп, 5 техника қирады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Шемонаихадағы газ құю станциясында жарылыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.


Шемонаихадағы газ құю станциясында жарылыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.

"22 маусымда Шемонаихадағы Украинская көшесіндегі газ баллондарын толтыру станциясында болған жарылыс салдарынан өрт шықты. Өрттен 5 техника жойылды. Сағат 14:44-те өрт оқшауланды. Термиялық күйік алған 2 адам ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.

Тұрғын үйлер мен орман қорына қауіп жоқ. Сөндіруге 5 өрт сөндіру автокөлігі және 12 адам жұмылдырылғаны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 482.33   552.93   5.68 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети