Шемонаихадағы жарылыс: зардап шеккендердің саны төртке жетті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шемонаихадағы жарылыс: зардап шеккендердің саны төртке жетті ҚР ТЖМ

Шемонаиха газ қоймасындағы жарылыстан зардап шеккендердің саны төртке жетті. Бұған дейін екі адамның жарақат алғаны белгілі еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі УК-news.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шемонаиха газ қоймасындағы жарылыстан зардап шеккендердің саны төртке жетті. Бұған дейін екі адамның жарақат алғаны белгілі еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі УК-news.kz-ке сілтеме жасап.

Порталдың мәліметінше, оқиғаның салдарынан термиялық күйік алған төрт адам Шемонаиха аудандық ауруханасына жеткізілген.

Екі ер адам аудандық орталық аурухананың жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр, денелерінің көп бөлігі күйген. Зардап шеккен тағы екі адам - ер адам мен әйел хирургиялық бөлімшеге жатқызылды, олардың жағдайы орташа ауыр.

"Науқастарға барлық қажетті медициналық көмек беріліп жатыр. Ауруханада қажетті көлемдегі медициналық құралдар мен дәрі-дәрмек бар. Сонымен қатар ШҚО бас штаттан тыс мамандары: бас травматолог пен облыстың бас реаниматологы бар Өскеменнен Шемонаихаға санитарлық авиация бригадасы келді", - деп жазды портал.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети