Шенеунік тікелей эфирде "Бесит, на" дегені үшін сөгіс алды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шенеунік тікелей эфирде "Бесит, на" дегені үшін сөгіс алды Фото: gov.kz

Батыс Қазақстан облысының Әдеп жөніндегі кеңесі Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бисенғали Хайруллинге қатысты істі қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысының Әдеп жөніндегі кеңесі Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бисенғали Хайруллинге қатысты істі қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жеке ұйым өкілдері оның видеоконференция кезінде былапыт сөз қолданғанына шағымданған.

Электрон қосымшалардың бірі арқылы өткен видеоконференцияға БҚО әкімінің орынбасары да қатысқан. Онда жеке компанияға құмды шұңқырды игеруге рұқсат беру мәселесі қаралған.

"Бисенғали Хайруллин былапыт сөздер айтты. Ол төрт рет "на" тіркесін қолданды."Бесит, на", "Пошел, на", "Пришел, на" деген контекстте. Қайта соңын айтқан жоқ. БҚО әкімінің орынбасары Аманжол Алпысбаев шенеунікке ескерту жасады. Хайруллин бұл сөзді конференцияға қосылу барысында туындаған ақауға қатысты, өз қызметкерлеріне бір рет айтқанын мойындады", - деді БҚО Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы Ғалым Тұрсынбаев.

Шенеунік конференцияға жиылғандар оны дұрыс түсінбегенін айтты. Бисенғали Хайруллиннің айтуынша, Жайық өзені маңындағы карьерді игергісі келетін жеке компания өкілдері оның үстінен шағым түсірген.

"Конференция видеобайланыс арқылы өтті. Оған қосылу кезінде дыбысқа қатысты проблемалар болды. Басқа кеңсеге көшуге мәжбүр болдық. Іс-шараның бұзылуына себеп болған қызметкерлерге ашуланып, "Бесит, на" дедім.

Ол компаниямен сот процестері жүріп жатыр. Олар Ақсуат ауылы маңындағы карьерді дамытуға рұқсат сұрап отыр. Бірақ біз қарсы болдық. Онда 436 түп қарағай бар. Экологтар бізді қолдайды", - деді Бисенғали Хайруллин.

Талқылау нәтижесінде Әдеп кеңесі шенеунікке қатаң сөгіс жариялауды ұсынған. Сондай-ақ, оған қайталанған жағдайда қызметінен босатылатыны ескертілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети