Шерушілер Алматы әкімдігі ғимаратына басып кіруге әрекет жасады. Артынша ғимараттан өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шерушілер Алматы әкімдігі ғимаратына басып кіруге әрекет жасады. Артынша ғимараттан өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерде Алматы әкімдігі маңындағы тәртіпсіздіктің видеолары пайда болды. Куәгерлердің айтуынша, шерушілер ғимаратқа басып кіруге әрекет жасаған, ал кейін ғимарат қасбетінен будақтап шыққан түтінді көруге болады.
© Tengrinews.kz / Жасұлан Нұрқасымов
Еске салайық, әлеуметтік желілерде Алматының Республика алаңында түсірілген видеолар жарияланған еді. Роликтен түтінді көруге болады. Куәгерлер дыбыстық гранаталар жарылғанын хабарлады.
Бұған дейін 4 қаңтарда наразылық білдірушілер жиналған "Алматы Арена" маңындағы жағдайды байқап, кейін қала орталығына бет алғаны хабарланды.
Кейінірек Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында 2022 жылғы 5 қаңтардағы сағат 01:30-дан 2022 жылғы 19 қаңтардың сағат 00:00 кезеңі аралығында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Сондай-ақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысында төтенше жағдай енгізгені белгілі болды.
Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қалыптасқан күрделі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайға тоқталып, сұйытылған газ бағасының артуына байланысты халықтың наразылығын тудырғаны үшін Үкімет, соның ішінде, Энергетика министрлігі, сондай-ақ "Қазмұнайгаз" бен "Қазақгаз" кәсіпорындары кінәлі екенін айтты.
Осы оқиғалардан соң Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметті отставкаға жіберу туралы Жарлыққа қол қойды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!