05 қаңтар 2022 | 15:20

Шерушілер Алматы әкімдігіне басып кіруге әрекет жасады, ғимарат өртенді

Жансая Қадыржанова Корреспондент
© Tengrinews.kz / Жасұлан Нұрқасымов

Шерушілер Алматы әкімдігі ғимаратына басып кіруге әрекет жасады. Артынша ғимараттан өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шерушілер Алматы әкімдігі ғимаратына басып кіруге әрекет жасады. Артынша ғимараттан өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде Алматы әкімдігі маңындағы тәртіпсіздіктің видеолары пайда болды. Куәгерлердің айтуынша, шерушілер ғимаратқа басып кіруге әрекет жасаған, ал кейін ғимарат қасбетінен будақтап шыққан түтінді көруге болады. 

Реклама
Реклама


© Tengrinews.kz / Жасұлан Нұрқасымов

Еске салайық, әлеуметтік желілерде Алматының Республика алаңында түсірілген видеолар жарияланған еді. Роликтен түтінді көруге болады. Куәгерлер дыбыстық гранаталар жарылғанын хабарлады.

Бұған дейін 4 қаңтарда наразылық білдірушілер жиналған "Алматы Арена" маңындағы жағдайды байқап, кейін қала орталығына бет алғаны хабарланды.

Кейінірек Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында 2022 жылғы 5 қаңтардағы сағат 01:30-дан 2022 жылғы 19 қаңтардың сағат 00:00 кезеңі аралығында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Сондай-ақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысында төтенше жағдай енгізгені белгілі болды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қалыптасқан күрделі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайға тоқталып, сұйытылған газ бағасының артуына байланысты халықтың наразылығын тудырғаны үшін Үкімет, соның ішінде, Энергетика министрлігі, сондай-ақ "Қазмұнайгаз" бен "Қазақгаз" кәсіпорындары кінәлі екенін айтты.

Осы оқиғалардан соң Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметті отставкаға жіберу туралы Жарлыққа қол қойды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная