Шерзат Болаттың ағасы өлі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шерзат Болаттың ағасы өлі табылды Фото ©️ Tengrinews.kz, видео кадры

Шерзат Болаттың ағасы өлі табылды. Ақпаратты Алматы облыстық полиция департаменті растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шерзат Болаттың ағасы өлі табылды. Ақпаратты Алматы облыстық полиция департаменті растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Талғар қаласының маңында 30 жастағы ер адамның денесі табылған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол асылып, өзіне-өзі қол жұмсаған.

"Марқұм биыл 4 қазанда қайғылы жағдайда қаза тапқан кәмелетке толмаған Шерзат Болаттың ағасы екені анықталды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір барлық жағдайды анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық сипаттағы қандай да бір белгілер анықталмады", - деп жазылған полиция хабарламасында.

Полиция марқұм Шерзат Болаттың отбасы барлық уақытта полицейлердің қорғауында болғанын мәлімдеді.

"Марқұмның отбасына қатысты қандай да бір қауіп-қатер тіркелген жоқ. Күзеткен қызметкерлердің сөзінше, ер адам күзетілетін нысаннан сағат 23:30-да шығып, жеке көлікпен кеткен", - деп жазылған хабарламада.

ІІМ тергеу мүддесі үшін өзге ақпаратты жарияламады. Сондай-ақ тек ресми дереккөздерге сенуді сұрады.

"Жалған ақпаратты тарату қылмыстық жауапкершілікке дейін әкелуі мүмкін екенін еске саламыз", - деп ескертті полиция.

Еске салайық, 4 қазанға қараған түні Талғарда жасөспірім айуандықпен өлтірілген. 16 жастағы Шерзат Болатты бір топ адам пышақтап, басына мылтықпен ұрған. Жанжал кезінде Шерзаттың әкесі, ағасы да соққыға жығылған. Шерзат Болатты әкесі ауруханаға жеткізген, бірақ оны құтқару мүмкін болмады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети