04 қыркүйек 2017 17:27

Шешесі арақ алуға кеткенде 8 жастағы қызын айуандықпен зорлаған. Зорлықшыны көршілері ұстап алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© misto.news © misto.news

Алматы облысы Ақсу ауданындағы Жансүгіров ауылының тұрғындары дабыл қақты: олар сегіз жастағы қызды зорлаған деген 24 жастағы ер адамды полиция бостандыққа жіберіп қойды деп уайымдап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысы Ақсу ауданындағы Жансүгіров ауылының тұрғындары дабыл қақты: олар сегіз жастағы қызды зорлаған деген 24 жастағы ер адамды полиция бостандыққа жіберіп қойды деп уайымдап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шарасы қалмаған тұрғындар құқыққорғаушыларға әлеуметтік желі арқылы үндеу жасады. 

"28 тамызға қараған түні Жансүгіров ауылында сегіз жастағы қыз айуандықпен зорланды, екінші сынып оқушысы. жағдайы нашар отбасыдан шыққан. Шешесі кезекті шөлмек арақ үшін дүкенге кеткенде оның 24 жастағы жігіті қызды зорлап тастаған. Баланың айғайын естіген тұрғындар келіп, зорлықшыны ұстап алды. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды, ол уақытша ұстау абақтысына қамалды, бірақ қыздың анасының қарсы шағымынан кейін ол босатылды. Шешесі үйін жөндеп берсе арызды қайтарып алатынын айтқан. Бала ше?! Ауылдың барлық тұрғыны наразы. Баланың құқығын қорғауды сұраймыз", - делінген хабарламада. 

Ал Алматы облыстық ІІД өкілдері ер адам бостандыққа шықты делінген мәліметті жоққа шығарды. 

"Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігі бойынша тергеу шаралары жүріп жатыр. 1993 жылғы күдікті қамауда. Қазіргі уақытта сараптама қорытындысын күтеміз", - деді ведомство өкілдері. 

Сондай-ақ, облыстық прокуратураның өкілдері бұл істің айрықша бақылауда екенін мәлімдеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети