ОҚО-да шешесі аяусыз ұрып-соққан 7 жасар бала мүгедек болып қалады. Бұл туралы дәрігерлер мәлімдеді, - деп хабарлайды "Отырар".
ОҚО-да шешесі аяусыз ұрып-соққан 7 жасар бала мүгедек болып қалады. Бұл туралы дәрігерлер мәлімдеді, - деп хабарлайды "Отырар".
Қазіргі уақытта ол облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайын дәрігерлер ауыр деп бағалап отыр.
Еске салайық, 1986 жылғы әйел өзінің жалғыз ұлын сабаған. Есінен танып қалған бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Әйел баланы құлап қалды деп айтқан. Алайда дәрігерлер баланың денесін қарағаннан кейін оған соққы жасалғанын анықтаған. Дәрігерлер полицияны шақыртқан.
Тергеушілер ҚР Қылмыстық кодексінің "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру" бабы бойынша соталды тергеу бастады. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды және оның қорытындысы бойынша шешесіне қатысты шара қолданылады. Тергеушілер әйелдің қамауға алынуы мүмкін екенін айтып отыр. Бала ауыр жағдайда жатыр екен. Дәрігерлердің айтуынша, оның бассүйегі зақымдалған, мидың жабық жарақатын алған және мойны мен беті күйген.