Шешіндіріп үлгерген: ШҚО-да 11 жастағы қызды зорлауға әрекеттенген педофил қылмыс үстінде ұсталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Зырян қаласының тұрғыны 11 жастағы қызын педофилден құтқарып қалды. Оқиға 7 шілдеде болған, - деп хабарлайды YK-news.kz.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Зырян қаласының тұрғыны 11 жастағы қызын педофилден құтқарып қалды. Оқиға 7 шілдеде болған, - деп хабарлайды YK-news.kz.

"Әйел өз қызын белгісіз біреудің алып кеткенін айтты. Қыз аулада құрбыларымен ойнап жүрген. Ер адам, нұсқалардың бірінше, бастапқыда олардың айналасында торып жүрген, кейін әткеншекте отырды, сосын екі қызды ұялы телефоны арқылы шақырып алмақшы болған. Олардың бірін - зардап шеккен қызды алып кеткен", - деп хабарлады Зырян аудандық ІІБ басшысының орынбасары Рустам Надыров. 

Осыдан кейін балалар қыздың жоғалғанын оның шешесіне хабарлаған. "Әйел балалардың айтқан жағына қарай жүгіріп, айғайлап, осылайша күдіктіні қорқытқан. Ер адам қызды шешіндіріп үлгерген. Шешесі полицейлерді шақыртып, полицейлер дереу ауданды қоршауға алды. Сөйтіп, күдіктіні бірнеше минуттың ішінде ұстады. 10 шілдеде сот оны қамауға алу туралы шешім қабылдады", - деді тәртіп сақшысы.

Ұсталған ер адам балаларға қатысты екі мәрте сексуалдық қылмыс жасағаны үшін сотталған болып шықты. Алайда ол үлгілі тәртібі үшін жаза мерзімі қысқарып, бостандыққа шыққан екен. "Қазіргі уақытта психологиялық сараптама жүргіземіз. Зардап шеккен қызға қатысты бірқатар сараптама жүргіземіз", - деді полицей.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro