16 қазан 2017 | 14:30

Шетел азаматы павлодарлық оқушыларды балмұздақпен алдап, пәтеріне кіргізіп алмақ болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kaznet.me © kaznet.me

Павлодарда Германия азаматы оқушыларды балмұздақ пен сыра беріп, жалдамалы пәтерге алып кірмек болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Павлодарда Германия азаматы оқушыларды балмұздақ пен сыра беріп, жалдамалы пәтерге алып кірмек болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ер адамның павлодарлық оқушыларды өзінің жалдамалы пәтеріне шақырғаны туралы хабарлама WhatsApp мессенджері арқылы таралған. Аймақтық полиция департаментінің өкілдерінің сөзінше, аудиожазбаны шетел азаматы пәтеріне алып кірмек болған оқушы қыздың анасы таратқан. Әйелдің сөзінше, оның қызы төртінші сыныпта оқиды. Ол достарымен бірге сабақтан қайтып келе жатқан. Жолда бөгде ер адам кезігіп, жақын маңдағы ұялы телефон сатып алуға болатын дүкенді көрсетуді сұраған. Балалар ер адамға көмектесуге келіседі. Жолда ол балаларға балмұздақ алып берген. Әйелдің айтуынша, ол қызына қоңырау шалып, үйге тезірек қайт деген. 

"Ол балмұздақты қоқыс жәшігіне тастап, үйге жүгіреді. Ер адамның қасында оның сыныптасы мен тағы бір жетінші сынып оқушысы қалған. Телефон сатып алғаннан кейін ер адам балаларға балмұздақ сатып алып берген. Жергілікті емес екенін және пәтер жалдағысы келетінін айтқан. Балаларды алдап, көлігіне отырғызып алып, қаланың басқа шетіне барады. Кейін балаларды көпқабатты үйлердің біріне алып кіріп, пәтерлердің біріне қоңырау шалған. Бірақ есікті ешкім ашпаған көрінеді. Ол заттарын тастап, ары қарай бірге басқа жаққа баратындығын айтқан. Жолда сыра алған. Балаларға ішкізбек болған сияқты. Балалар сезіктеніп, қашып кетпек ниетпен лифтке жүгірген, алайда, ол бірінші қабатта тұрып қалған. Ер адам баспалдақпен жүгіріп төмен түскен. Балалар лифте қамалып қалып, ішінде жылай бастайды. Осы кезде лифтке басқа қыз жақындайды. Ер ол қызға тиісе бастап, лифтте тұрып қалған өз балалары екенін, қазір оларды алып кететінін айтқан. Осы кезде балалар оның бөтен адам екенін айтып, жылаған", - делінген хабарламада. 

Әйелдің сөзінше, қыз бала далаға шығып, ата-анасына қоңырау шалған. Қыздың әкесі келіп, ол адамды полиция келгенше ұстап отырған. "Ұсталған адам Германия азаматы болып шықты, ол мұнда көңіл көтеруге, мүмкін, адамның ішкі органдарын алып кету ойымен келген болар, білмейміз. Қазір ол тұтқындалды, арыз жазылды, балалардан жауап алынды. Ол пәтерді алты күнге жалға алған екен, ал ұшатын уақыты үш күннен кейін", - дейді әйел. 

Полицейлер шетелдік азаматты ұстау дерегін растады. Ол Германияның 63 жастағы азаматы. "Қазір Германияның 1954 жылы туған азаматына қатысты кәмелетке толмағандарды азғыруға оқталды деген айыппен сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеуге қажетті барлық шара жүріп жатыр", - делінген Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына Павлодар облысы ІІД-нің баспасөз қызметі берген жауапта. 

Полицейлер оның Павлодарға неліктен келгенін және балаларды не мақсатпен пәтеріне алып кірмек болғанын анықтап жатыр. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети