Щучинск қаласының із-түссіз жоғалып кеткен тұрғыны Жезқазғаннан табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Щучинск қаласының із-түссіз жоғалып кеткен тұрғыны Жезқазғаннан табылды ©sngdaily.ru

Ақмола облысында полицейлер Щучинск қаласының із-түссіз жоғалып кеткен тұрғынын тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында полицейлер Щучинск қаласының із-түссіз жоғалып кеткен тұрғынын тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Щучинск қаласының тұрғыны 28 желтоқсанда Бурабай аудандық ішкі істер бөліміне 53 жастағы күйеуінің жоғалып кеткен жайлы хабар берді. Ол 19 желтоқсанда Mercedes-Benz көлігімен кетіп, оралмаған. Полицейлер жоғалған адамды 4 қаңтарда Қарағанды облысының Жезқазған қаласынан тапты", - делінген ІІД баспаөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен қатар, полицейлер табылған ер адамның жеке таксист болып, нәпақа тауып жүргенін анықтады. Сөйтсе, ол 19 желтоқсанда Қостанай облысына келіп, сол жақтан 22 желтоқсанда Қызылорда облысының Арал қаласына қарай жолға шықан екен. Сол уақыттан бастап ер адам үйімен байланысын үзеді. Осыдан кейін уайымдаған әйелі полицияға хабар берген.

Айта кетейік, өткен жылы тәртіп сақшылары із-түссіз жоғалған 172 адамды тапты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети