ШҚО-да 18 вагон рельстен шығып кетті. 5 вагон өзенге құлаған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО-да 18 вагон рельстен шығып кетті. 5 вагон өзенге құлаған

Шығыс Қазақстан облысында Өскемен-Құмыстау теміржол учаскесінде 18 вагон рельстен шығып кетті. Бес вагон Ертіс өзеніне құлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"3 сәуірде сағат 12.04-те Шығыс Қазақстан облысының Өскемен-Құмыстау теміржол учаскесінде жүк пойызының 18 вагоны рельстен шығып кетті. Пойыз сағатына 37 шақырым жылдамдықпен келе жатқан. 5 вагон өзенге түсіп кеткен", - деді баспасөз қызметі өкілдері.

Руда тиелген екі вагон Ресейдің меншігі екені атап өтілді. Тағы 16 вагон "ҚазцинкТемірТранс" ЖШС-не тиесілі.

"Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Жолаушылар және жүк пойыздарында кідірістер жоқ. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы оқиғаның барлық себебі мен мән-жайын анықтау үшін ұлттық компания басшыларынан комиссия құрылды", - деді ҚТЖ өкілдері.

Оқиға орнынан түсірілген видео @abzhannews Telegram-арнасында пайда болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 466.22   532.57   5.95 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +17
Астана +17
Ақтау +24
Ақтөбе +20
Атырау +24
Б
Балқаш +17
Ж
Жезқазған +15
Қ
Қарағанды +17
К
Көкшетау +18
Қ
Қостанай +20
Қызылорда +18
П
Павлодар +17
Петропавл +18
С
Семей +19
Т
Талдықорған +19
Тараз +20
Түркістан +23
О
Орал +15
Ө
Өскемен +20
Ш
Шымкент +19

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер