Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданында 8 жастағы қыз осымен екінші күн іздестіріліп жатыр. Екінші сынып оқушысы мектептен қайтып оралмаған, оны соңғы рет 10 қарашада түсте көргендер бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Вика Тойкенева Зырян ауданында Ескі қала деп аталатын ауданмен қайтып келе жатқан. Оны 12.30-да аялдамада тұрған кезінде көргендер бар, бірақ әлі күнге табылмай жатыр.
"Қыз өз уақытында үйіне оралмаған соң, анасы полицияға хабар берді, сосын біз дереу іздеу шараларын бастап кеттік", - деді ШҚО ІІД баспасөз қызметіндегілер. Қызды іздеуге Зырян ауданының ішкі істер бөлімі жұмылды. Сондай-ақ, Өскеменнен ШҚО ІІД криминалдық полициясының қызметкерлері, мемлекеттік органдар және еріктілер қосылды.
Іздестіру шаралары түнімен жүрді, бірақ нәтиже жоқ.
"Жаңа еріктілер келі жатыр, Ескі қаланың түкпір-түкпірін тағы да қараймыз, бізбен бірге полицейлер де жұмыс істеп жатыр", - деді еріктілер қозғалысының ұйымдастырушысы Наталья Монастырева.
Қыздың жоғалғаны жайында ақпарат әлеуметтік желілерде таралып жатыр.