Шығыс Қазақстан облысы Алтай (Зырян) ауданындағы жекеменшік үйде шыққан өрт салдарынан бір адам қаза тапты және тағы төрт адам ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды YK-news.kz.
Шығыс Қазақстан облысы Алтай (Зырян) ауданындағы жекеменшік үйде шыққан өрт салдарынан бір адам қаза тапты және тағы төрт адам ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды YK-news.kz.
"Алапат өрт Путинцево ауылында тіркелген. Куәгерлер өртті көріп қалып, дереу құтқарушыларды шақырған. Көршілері өртенген үйден 62 және 35 жастағы әйелдерді, сондай-ақ, 14 жастағы қыз бала мен 4 жасар ер баланы қауіпсіз жерге алып шыққан", - делінген ТЖД хабарламасында.
Зардап шеккендер дәрігерлерге тапсырылды және ауруханаға жеткізілді
"Өрт сөндіру кезінде 1965 жылғы ер адамның мәйіті табылды", - делінген ТЖД хабарламасында.
Өрт аумағы - 64 шаршы метр. Өрт - сымдардың қысқа тұйықталуынан болуы мүмкін.