ШҚО-да апат салдарынан екі мыңнан астам тұрғын газсыз қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО-да апат салдарынан екі мыңнан астам тұрғын газсыз қалды Фото:elements.envato.com

Апат салдарынан ШҚО-да тоғыз ауыл, 2 мыңнан астам тұрғын газсыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Апат салдарынан ШҚО-да тоғыз ауыл, 2 мыңнан астам тұрғын газсыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында тоғыз ауыл тұрғындары түні бойы газсыз қалды.

Зайсан ауданы әкімдігі бұл деректі растады. 27 қаңтарда сағат 19.30-да "Барыс көл" ЖШС экскаваторшысы көпір құрылысы бойынша жол жұмыстарын орындау кезінде Зайсан ауданының тоғыз елді мекенін газбен қамтамасыз ететін жоғары қысымды магистралды газ құбырына байқаусызда зақым келтірген.

"Апат нәтижесінде Айнабұлақ, Қаратал, Үлкен-Қаратал, Шалқар, Көгедай, Қайнар, Кеңсай, Жамбыл, Қарабұлақ елді мекендеріндегі 2105 абонентке газ беру дереу тоқтатылды", - делінген Зайсан ауданы әкімдігінің Instagram-дағы ресми парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Зайсан ауданы әкімдігі (@zaisan_audany_akimdigi)

Аудан әкімі басшылығымен апат орнын қалпына келтіру үшін штаб құрылды. 6 мотопомпа, АЦ-40, 1 КУНГ, сондай-ақ "Барыс көл" ЖШС тарапынан барлық қажет техника жұмылдырылды.

Түнде барлық 9 елді мекенге отын жеткізілді.

Айта кетейік, барлық үй апат кезінде автономды жылу көздеріне көшті. Сыртқы Температура -17 градус.

Соңғы мәліметтер бойынша, 28 қаңтарда сағат 8.00-де апат салдары жойылды. Қазіргі уақытта абоненттерге газ қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети