ШҚО-да аулада ойнап жүрген бала найзағай ұрып қаза тапты

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©pexels.com ©pexels.com

Шығыс Қазақстан облысында 16 жастағы бала найзағай ұрып қаза болды. Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Шығыс Қазақстан облысында 16 жастағы бала найзағай ұрып қаза болды. Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Апат 16 шілдеде Семейдегі Чекоман ауылында болды. Құтқарушылардың айтуынша, бала оқиға кезінде үй  ауласында ойнап жүрген. Жасөспірім алған жарақаттарынан қайтыс болды.

Ведомствоның мәліметінше, күн күркіреуінен көбінесе Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары зардап шегеді. Найзағай негізінен бақташы мен шопандарға ұрады, бұл көп жағдайда өліммен аяқталды.

"Бірнеше күн бойы Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті синоптиктердің ауа райының қолайсыз, жел мен құбылмалы ауа райының болатынын хабарлаған. Бұл жағдайда азаматтар табиғатқа шығуды кейінге қалдырып, ал найзағай ойнаған жағдайында қолайсыз ауа райының өтіп кетуін күтіңіз", - делінген хабарламада.

Құтқарушылар "найзағай дәрменсіздікті ұнатпайды" деп түсіндіреді. Сондықтан, найзағай кезінде, жазық далада жүрсеңіз, аттан түсіп, тоқтап, күркіреудің аяқталғанын күтіңіз. Жалғыз тұрған ағаш астында жасырынбаңыз, себебі найзағай ең алдымен биік нысанға, соның ішінде ағашқа бағытталады. Әсіресе емен, қарағай, терек, шырша сияқты ағаш түбінде тұру қауіпті.

Бірнеше күн бұрын Қостанай облысында 8 жастағы қыз найзағай түсіп, қаза тапқаны хабарланды. Сегіз жастағы қыз найзағай соққысынан қайтыс болған. Бұған қоса, найзағай салдарынан Қарағандыдағы жанармай құю бекетінің бірінде жарылыс юолған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro